KZ  RU 

«KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2022»

2022 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында Астана қаласында машина жасау және металл өңдеу бойынша «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2022» Халықаралық мамандандырылған көрме өтті. Аталған көрме Қазақстандағы жетекші салалық іс-шара болып табылады және машина жасау саласындағы мамандар, мемлекеттік сектор мен түрлі бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері үшін кездесудің басты орны болып табылады.
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін қазақстандық машина жасаудың ірі өкілдерінің бірі жалпы Көрме павильонында ұсынылды.
Аталған көрмеде «Тыныс» АҚ азаматтық мақсаттағы өнімдер мен өрт сөндіру құралдарын ұсынды. Мысалы, көрме қонақтары электрлі орындық-арбаның пайдалану мүмкіндіктерін сезіне алды, өрт сөндіру сөмкелерін киіп көрді, құю өнімдерінің жоғары сапасына көз жеткізді. Көптеген келушілер алғаш рет жасанды тыныс алу аппаратымен және байланыс желілерінің бөлшектерімен танысты.
Біздің өнімдерімізбен кәсіпорынның ресми сайтында толығырақ таныса аласыз: www.tynys.kz
Бізді қызықтырған, «Тыныс» АҚ өнімдерімен танысқандардың барлығына алғыс айтқымыз келеді, мұндай интерактивті оффлайн кездесулер бізді одан да үлкен жетістіктерге жетуге жетелейді!
«Тыныс» АҚ күн сайын қолда бар өнімді жаңғырту үшін жұмыс жүргізеді және жаңа жобалармен жұмыс істеуде заманауи құралдарды пайдаланады!